О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2014-2015 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2014-2015 учебный год
- Атауы (қаз.)
- Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 22.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2014 AI83891_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009749
- ЭКБ идентификаторы
- 83891
- Редакция идентификаторы
- AI83891_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:45
0 Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә.Сыздықова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды
қамтамасыз етсін;
4 4) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша білім беру қызметін көрсетуге шарт жасасуды қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Экономика және қаржы департаменті жасалған шарттарға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2015 оку жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2014 жылғы 22 тамыздағы
№ 22 бұйрығына
қосымша
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2015 оку жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с №
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Бөлінген орындардың саны
Мамандықтың атауы
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1
2
3
4
5
1.
Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж
400, оның ішінде 200 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі
200, оның ішінде «Массаж» біліктілігі бойынша мейіргер ісі - 16, оның ішінде 75 қазақ тілінде білім алушылар
Ортопедиялық стоматология
25 қазақ тілінде білім алушылар
Зертханалық диагностика
100, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар
Гигиена және эпидемиология
25 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
25 орыс тілінде білім алушылар
Емдеу ісі
25 қазақ тілінде білім алушылар
2.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
100 қазақ тілінде білім алушылар
Емдеу ісі
50 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
50 қазақ тілінде білім алушылар