Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков по Каратальскому району на 2014-2016 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков по Каратальскому району на 2014-2016 годы
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауданы бойынша барлық салық төлеушілер үшін 2014-2016 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29-125
- Қабылданған күні
- 03.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2015 79100_275130.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DL002673
- ЭКБ идентификаторы
- 79100
- Редакция идентификаторы
- 79100_275130
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:12
0 Қаратал ауданы бойынша барлық салық төлеушілер үшін 2014-2016 жылдарға
арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қаратал ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Қаратал ауданық мәслихатының 2009 жылғы 07 мамырдағы N 24-98 "Қаратал ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалары шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 10 маусымында 2-12-107 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы аудандық "Қаратал" газетінің 26 (7030) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
03 сәуір 2014 жыл
5 Қаратал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 03 сәуірдегі N 29-125
"Қаратал ауданы бойынша барлық
салық төлеушілер үшін 2014-2016
жылдарға арналған бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын
белгілеу туралы" шешіміне
қосымша
Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін 2014-2016 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген
салық ставкларының мөлшері
Реттік N
Салық салу объектісінің атауы
Қаратал ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы.
2
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы.
2
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
10
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
4