ИМПОРТ: Об установлении единых ставок фиксированного налога по Уйгурскому району на 2014-2016 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- ИМПОРТ: Об установлении единых ставок фиксированного налога по Уйгурскому району на 2014-2016 годы
- Атауы (қаз.)
- ИМПОРТ: Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32-6
- Қабылданған күні
- 15.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2015 79998_26680.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DS002700
- ЭКБ идентификаторы
- 79998
- Редакция идентификаторы
- 79998_26680
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:04
0 Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 422-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2014-2016 жылдарға қызметін Ұйғыр ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік және экономикалық даму, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"15" сәуір 2014 жыл
"15" сәуір 2014 жыл
4 Ұйғыр аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 15 сәуірдегі
"Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын
2014-2016 жылдарға белгілеу туралы"
N 32-6 шешіміне қосымша
2014-2016 жылдарға қызметін Ұйғыр ауданы аумағында жүзеге
асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық
ставкалары
Рет
N
Салық салу объектісінің аталуы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
3
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
6
5
карт
2
6
Бильярд үстелі
8