О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2014-2016 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2014-2016 годы
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 16.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2016 81413_72296.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003400
- ЭКБ идентификаторы
- 81413
- Редакция идентификаторы
- 81413_72296
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:25
0 Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 2), 4) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 2-тармағына сәйкес, «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері анықталсын.
3
3. Қалалар мен аудандар әкімдері «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік ұйымдары тізбесіне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншік ұйымдары тізбелерін бекітсін.
4 4. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы (М. Қ. Сапарғалиев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. А. Сақтағановқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 16 » маусымдағы
№ 158 қаулысына
1 қосымша
2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі
р/с
№
Кәсіпорынның атауы
Жекешелендіруге берілетін мемлекеттік акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері,
%
Іске асыру мерзімі,
жыл
1
2
3
4
1
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
2
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
3
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
4
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
5
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
6
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Гандбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
7
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласының волейбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
8
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Өскемен қаласының волейбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
9
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
10
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
2014 – 2016
11
Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық протездік-ортопедиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
2014 – 2016
12
Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «ОблШығысЖол» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
2014 – 2016
13
«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы
100
2014 – 2016
8 Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 16 » маусымдағы
№ 158 қаулысына
2 қосымша
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері
р/с
№
Өлшем атауы
Иеліктен шығару түрі
1
2
3
1
Ұйым қызметіне бақылауды сақтауда мемлекет мүддесінің болмауы, оны ұстау және пайдалануға қаржылық шығындардың тиімсіздігі
Аукцион
2
Ұйымды сату мен нақты бір уақыт кезеңіне бақылау шарттарын қоюда мемлекет мүддесінің болуы
Коммерциялық
тендер
3
Қажетті ақшалай қаражат тартып, ұйымды қаржылық тұрақтандыруда (сауықтыру) мемлекет мүддесінің болуы
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару