Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2014-2016 годы

Қаулы · № 158 · қабылданған 16.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-2016-ekb-81413/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2014-2016 годы Күшін жойған 30.03.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2014-2016 годы

Күшін жойған Қаулы № 158 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2014-2016 годы
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158
Қабылданған күні
16.06.2014
Көрсетілген редакция
30.03.2016 81413_72296.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14V0003400
ЭКБ идентификаторы
81413
Редакция идентификаторы
81413_72296
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 2), 4) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 2-тармағына сәйкес, «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері анықталсын.

3. Қалалар мен аудандар әкімдері «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік ұйымдары тізбесіне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншік ұйымдары тізбелерін бекітсін.

4. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы (М. Қ. Сапарғалиев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. А. Сақтағановқа жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 16 » маусымдағы
№ 158 қаулысына
1 қосымша
2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі
р/с

Кәсіпорынның атауы
Жекешелендіруге берілетін мемлекеттік акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері,
%
Іске асыру мерзімі,
жыл
1
2
3
4
1
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
2
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
3
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
4
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
5
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
6
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Гандбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
7
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласының волейбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
8
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Өскемен қаласының волейбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
9
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2014 – 2016
10
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
2014 – 2016
11
Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық протездік-ортопедиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
2014 – 2016
12
Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «ОблШығысЖол» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
2014 – 2016
13
«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы
100
2014 – 2016

8 Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 16 » маусымдағы
№ 158 қаулысына
2 қосымша
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері
р/с

Өлшем атауы
Иеліктен шығару түрі
1
2
3
1
Ұйым қызметіне бақылауды сақтауда мемлекет мүддесінің болмауы, оны ұстау және пайдалануға қаржылық шығындардың тиімсіздігі
Аукцион
2
Ұйымды сату мен нақты бір уақыт кезеңіне бақылау шарттарын қоюда мемлекет мүддесінің болуы
Коммерциялық
тендер
3
Қажетті ақшалай қаражат тартып, ұйымды қаржылық тұрақтандыруда (сауықтыру) мемлекет мүддесінің болуы
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару