Об установлении единых ставок фиксированного налога по Талгарскому району на 2014-2016 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Талгарскому району на 2014-2016 годы
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33-186
- Қабылданған күні
- 30.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2016 81808_110517.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DR002794
- ЭКБ идентификаторы
- 81808
- Редакция идентификаторы
- 81808_110517
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:15
0 Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызметін Талғар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2014-2016 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
30 маусым 2014 жыл
4 Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 30 маусымдағы
"Талғар ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2014-2016
жылдарға белгілеу туралы"
33-186 шешіміне қосымша
Қызметін Талғар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген
салық ставкалары 2014-2016 жылдарға
Рет
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
11
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
17
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4
Ойын жолы
20
5
Карт
11
6
Бильярд үстелі
6