Құжат мәтініне өту

О приватизации коммунального имущества по Кокпектинскому району на 2014-2016 годы

Қаулы · № 74 · қабылданған 08.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-2016/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О приватизации коммунального имущества по Кокпектинскому району на 2014-2016 годы Күшін жойған Қаулы ·№ 74 ·08.04.2015
01.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О приватизации коммунального имущества по Кокпектинскому району на 2014-2016 годы

Күшін жойған Қаулы ·№ 74 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О приватизации коммунального имущества по Кокпектинскому району на 2014-2016 годы
Атауы (қаз.)
2014-2016 жылдарға арналған Көкпекті ауданының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
74
Қабылданған күні
08.04.2015
Көрсетілген редакция
01.03.2016 89814_72318.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15VO003939
ЭКБ идентификаторы
89814
Редакция идентификаторы
89814_72318
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:34

0 2014-2016 жылдарға арналған

Көкпекті ауданының коммуналдық
мүлкін жекешелендіру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын Көкпекті аудан бойынша коммуналдық меншік ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

2

2. «Көкпекті ауданының қаржы бөлімі», «Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» және «Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын заңнамамен белгіленген шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ж. Акимоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Көкпекті ауданы әкімдігінің

2015жылғы 08 сәуірдегі
№ 74 қаулысына қосымша
2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын Көкпекті ауданының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың тізбесі

Кәсіпорын атауы
Іске асыру мерзімдері, жыл
1
2
3
1
«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2015 жыл
2
«Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ұлттық спорт түрлері бойынша «Дархан» клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2016 жыл

Қолданыстағы