Құжат мәтініне өту

О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в районе на 2014 год

Қаулы · № 42/01 · қабылданған 25.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-76012/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в районе на 2014 год Қолданыста Қаулы ·№ 42/01 ·25.11.2013
01.01.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в районе на 2014 год

Қолданыста Қаулы ·№ 42/01 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в районе на 2014 год
Атауы (қаз.)
Ауданда 2014 жылға халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42/01
Қабылданған күні
25.11.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2015 76012_158709.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KK002457
ЭКБ идентификаторы
76012
Редакция идентификаторы
76012_158709
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:49

0 Ауданда 2014 жылға халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бұқар жырау ауданының аймағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі келесі жұмыссыз азаматтардың санаттарымен анықталсын:

1 1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалар;

2 2) 50-ден асқан әйелдер;

3 3) 55-тен асқан ерлер;

4 4) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;

5 5) отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;

6 6) 29 жасқа дейінгі жастарды қоса алғанда.

2 2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:

1 1) зейнеталды жастағы (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ұзартылсын;

2 2) зейнеталды жастағы (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалардан басқа, мүгедектердің, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалардың қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін.

3 3. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхата Сағадиұлы Алиға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы