Құжат мәтініне өту

Об организации и проведении приписки граждан на воинский учет к призывному участку в январе-марте 2014 года

Өзге акт · № 03 · қабылданған 18.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-76216/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и проведении приписки граждан на воинский учет к призывному участку в январе-марте 2014 года Қолданыста Өзге акт ·№ 03 ·18.11.2013
18.11.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и проведении приписки граждан на воинский учет к призывному участку в январе-марте 2014 года

Қолданыста Өзге акт ·№ 03 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и проведении приписки граждан на воинский учет к призывному участку в январе-марте 2014 года
Атауы (қаз.)
2014 жылғы қаңтар-наурызында әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
03
Қабылданған күні
18.11.2013
Көрсетілген редакция
18.11.2013 76216_197124.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KD002474
ЭКБ идентификаторы
76216
Редакция идентификаторы
76216_197124
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:52

0 2014 жылғы қаңтар-наурызында әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылғы қаңтарынан бастап наурызға дейін, тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырсын.

2

2. Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының, пәтерлер меншік иелері кооперативтерінің басшыларына, "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес 1997 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін тапсыру ұсынылсын.

3 3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақыру жасына дейінгілердің медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.

4 4. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (Б.Ә. Алишев) 2014 жылғы 15 сәуірге дейін қала әкіміне 1997 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қортындысы жөнінде ақпарат берсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Саягуль Жаксылыковна Жаксылыковаға жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

КЕЛІСІЛДІ
"Қарағанды облысы Балқаш
қалалық қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген
бөлімі" республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
18 ноября 2013 жыл
Б.А. Алишев

Қолданыстағы