Об организации общественных работ на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1085
- Қабылданған күні
- 09.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2013 AI76251_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13GA002081
- ЭКБ идентификаторы
- 76251
- Редакция идентификаторы
- AI76251_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:39
0 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелереі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
2 2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г. Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 6 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
5 Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Тараз қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 09 желтоқсандағы
№ 1085 қаулысына қосымша
Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Көлемі мен нақты жағдайлары
Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру (теңге)
2014 жыл
Сұраныс
Ұсыныс
1.
Тараз қаласы «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша
37 320
жергілікті бюджет
300
260
2.
Тараз қаласы «Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша
37 320
жергілікті бюджет
15
15
Барлығы
315
275