Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2014 год

Қаулы · № 1036 · қабылданған 18.12.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-76677/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2014 год Қолданыста Қаулы ·№ 1036 ·18.12.2013
18.12.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2014 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1036 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1036
Қабылданған күні
18.12.2013
Көрсетілген редакция
18.12.2013 AI76677_0.kaz
Соңғы өзгеріс
18.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NN004405
ЭКБ идентификаторы
76677
Редакция идентификаторы
AI76677_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:30

0 2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған Қостанай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын.

2 2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қарастырсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 2014 жылға арналған Қостанай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары

Әкімдіктің
2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1036 қаулысына қосымша
2014 жылға арналған Қостанай ауданының аумағында
тұратын халықтың нысаналы топтары

1 1. Табысы аз адамдар.

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығысыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалуды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

12 12. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.

13 13. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

14 14. Ұзақ (он екі айдан аса) жұмыспен қамтылмаған адамдар.

15 15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу бес жастан асқан адамдар.

16 16. Алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, жиырма бір жастан жиырма тоғыз жас аралығындағы жұмыспен қамтылмаған жастар.

17 17. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған жұмыссыз адамдар.

Қолданыстағы