Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2014 год

Қаулы · № 3132 · қабылданған 11.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-76692/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2014 год Күшін жойған Қаулы ·№ 3132 ·11.12.2013
02.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2014 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 3132 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға Күршім ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3132
Қабылданған күні
11.12.2013
Көрсетілген редакция
02.12.2014 AI76692_4.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VN003149
ЭКБ идентификаторы
76692
Редакция идентификаторы
AI76692_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:37

0 2014 жылға Күршім ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттiк кепiлдiктерін қамтамасыз ету мақсатында, Күршім ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. 2014 жылға Күршім ауданы халқының келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата- аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші- заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;

15 15) мектептердің, кәсіби оқу мекемелерінің түлектері;

16 16) "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

17 17) кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының қатысушылары;

18 18) отбасында бір де бір жұмыс істеушісі жоқ тұлғалар;

19 19) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;

20 20) 50 жастан асқан әйелдер;

21 21) адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғалар, есірткіге тәуелді азаматтар.

2 2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Такенова) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы