Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зыряновского района на 2014 год

Қаулы · № 2203 · қабылданған 10.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-76785/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зыряновского района на 2014 год Күшін жойған Қаулы ·№ 2203 ·10.12.2013
13.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зыряновского района на 2014 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 2203 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зыряновского района на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2203
Қабылданған күні
10.12.2013
Көрсетілген редакция
13.11.2014 AI76785_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VL003162
ЭКБ идентификаторы
76785
Редакция идентификаторы
AI76785_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:39

0 2014 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдемелерді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабының 1-тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5- бабын, 7-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың келесі насыналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) 50 жастан асқан тұлғалар;

15 15) мектептерді, кәсіби оқу орындарын аяқтаған түлектер;

16 16) АИТВ-жұқтырғандар, нашақор азаматтар;

17 17) жазғы демалыс кезеңіндегі студенттер мен мектеп оқушылары;

18 18) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

19 19) «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

20 20) басымды кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушылары.

2 2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) тұрғындардың нысаналы топтарына жатқызылған тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдасын;

2 2) халықтың нысаналы топтарына жатқызылған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдем жасасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы