Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Уланского района на 2014 год
Күшін жойған
Қаулы
·№ 176
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Уланского района на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылы Ұлан ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 13.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2014 AI76786_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VQ003163
- ЭКБ идентификаторы
- 76786
- Редакция идентификаторы
- AI76786_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:33
0 2014 жылы Ұлан ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2014 жылы Ұлан ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) 50 жастан асқан әйелдер;
14 14) 55 жастан асқан ерлер;
15 15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
2 2. "Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне:
1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын;
2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетудi қамтамасыз етілсiн.
3
3. 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 495 "2013 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2812 болып тіркеліп, 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 12 аудандық "Ұлан таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.