Құжат мәтініне өту

Об организации приписки граждан к призывному участку в 2014 году

Өзге акт · № 01 · қабылданған 23.12.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-76802/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации приписки граждан к призывному участку в 2014 году Қолданыста Өзге акт ·№ 01 ·23.12.2013
23.12.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации приписки граждан к призывному участку в 2014 году

Қолданыста Өзге акт ·№ 01 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации приписки граждан к призывному участку в 2014 году
Атауы (қаз.)
2014 жылы азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
01
Қабылданған күні
23.12.2013
Көрсетілген редакция
23.12.2013 76802_127294.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KE002509
ЭКБ идентификаторы
76802
Редакция идентификаторы
76802_127294
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:25

0 2014 жылы азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 859 қаулысына сәйкес, Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2014 жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды "Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.

2

2. Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан Қаражал қаласының және Жәйрем кентінің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары "Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1997 жылы туған, шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың тізімін белгіленген нысанда ұсынсын.

3 3. Қаражал қаласының әкімінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 04 "2013 жылы шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру туралы" шешімі жойылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.

5 5. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
М. Бекетаев
2013 жылғы 23 желтоқсан
Ішкі істер
бөлімінің бастығы
А. Тәкібаев
2013 жылғы 23 желтоқсан

Қолданыстағы