Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Аягозского района на 2014 год

Қаулы · № 383 · қабылданған 10.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-76828/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Аягозского района на 2014 год Күшін жойған Қаулы ·№ 383 ·10.12.2013
02.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Аягозского района на 2014 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 383 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Аягозского района на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
383
Қабылданған күні
10.12.2013
Көрсетілген редакция
02.12.2014 AI76828_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VF003165
ЭКБ идентификаторы
76828
Редакция идентификаторы
AI76828_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:39

0 2014 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатын ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын iске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1.

Аягөз ауданы аумағында тұратын халықтың келесi нысаналы топтары анықталсын:

1 1)

табысы аз адамдар;

2 2)

жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;

3 3)

балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;

4 4)

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;

5 5)

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6)

зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);

7 7)

мүгедектер;

8 8)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;

9 9)

бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10)

оралмандар;

11 11)

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;

12 12)

жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi – жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;

13 13)

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебінде тұрған адамдар;

14 14)

ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар;

15 15)

50 жастан асқан адамдар;

16 16)

асыраушысы жоқ жалғызiлiктiлер;

17 17)

есiрткiге тәуелдi адамдар;

18 18)

АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар;

19 19)

бiр де жұмыс iстеушiсi жоқ жанұялардың адамдары;

20 20)

көп балалы отбасына жататын адамдар (4 немесе одан да көп балалы отбасы).

2 2.

Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.

3 3.

Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы