О предоставлении в 2014 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2014 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26/259
- Қабылданған күні
- 23.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.12.2015 AI76929_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KI002517
- ЭКБ идентификаторы
- 76929
- Редакция идентификаторы
- AI76929_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:25
0 Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес (бұдан әрі - Қаулы), Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1.
Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы өтініш беру кезінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада берілсін.
2 2.
Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - өтініш берген сәтіне, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, маманмен мәлімделген сомада бюджеттік кредит түрінде берілсін.
3 3.
Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді іске асыру жөніндегі шараларды Қаулыға сәйкес қабылдасын.
4 4.
Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.Г. Белан).
5 5.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
23.12.13 г