Об организации общественных работ в 2014 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в 2014 году
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 588
- Қабылданған күні
- 18.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2014 76966_187420.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13ND004407
- ЭКБ идентификаторы
- 76966
- Редакция идентификаторы
- 76966_187420
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:30
0 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі бекітілсін.
2
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық, қосылған құн салығы, еңбекке ақы төлеу және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері, қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақылар Лисаков қаласы бюджетінің қаражаты есебінен қаржыландырылатыны белгіленсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Әкімдіктің
2013 жылғы 18 желтоқсан
№ 588 қаулысымен бекітілген
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері
және оларды қаржыландыру көзі
№
Ұйымның атауы
Жұмыстың түрлері
Жұмыстардың көлемі, сағатпен
Жұмыстардың нақты жағдайлары
Еңбегіне төленетін ақының мөлшері
Қаржыландыру көзі
1
"Уста плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Лисаков қаласының аумағын көгалдандыруға және абаттандыруға, Лисаков қаласының, Октябрь кентінің, Красногор ауылының аумақтарын санитарлық тазалауға қатысу
78720
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленуге, күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) iшiнде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бiр үзiлiс берiлуге тиiс.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық актілері қолданылады
Айына жалақының 2 ең төменгі мөлшері
Лисаков қаласының бюджеті
2
"Қостанай облысының прокуратурасы Лисаков қаласының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, техникалық жұмыстарды жүргізуге күн сайынғы көмек, әкімшілік ғимаратты жиыстыру
3936
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленуге, күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) iшiнде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бiр үзiлiс берiлуге тиiс.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық актілері қолданылады
Айына жалақының 2 ең төменгі мөлшері
Лисаков қаласының бюджеті