О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2014 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2014 году
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-19c
- Қабылданған күні
- 25.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2015 AI76975_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SM002503
- ЭКБ идентификаторы
- 76975
- Редакция идентификаторы
- AI76975_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:22
0
2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2
2. 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтініш берген сәтінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең соммада әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы берілсін.
3 3. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
4 4. «Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын (келісім бойынша).
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Уәлиханов ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Н. Иманов
25 желтоқсан 2013 жыл