Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Риддера на 2014 год

Қаулы · № 1140 · қабылданған 13.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-76980/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Риддера на 2014 год Күшін жойған Қаулы ·№ 1140 ·13.12.2013
02.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Риддера на 2014 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 1140 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Риддера на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылғы Риддер қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1140
Қабылданған күні
13.12.2013
Көрсетілген редакция
02.12.2014 AI76980_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VD003171
ЭКБ идентификаторы
76980
Редакция идентификаторы
AI76980_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:33

0 2014 жылғы Риддер қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

2014 жылға Риддер қаласының аумағында тұрып жатқан халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2)

жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3)

балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;

4 4)

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6)

зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);

7 7)

мүгедектер;

8 8)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;

9 9)

бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10)

оралмандар;

11 11)

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;

12 12)

жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13)

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;

14 14)

ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;

15 15)

50 жастан асқан азаматтар;

16 16)

техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;

17 17)

.басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған, Жұмыспен қамту 2020 жол картасының қатысушылары.

2 2.

«Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Риддер қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 1)

халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

2 2)

халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету қамтамасыз етілсін.

3 3.

Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Теленчиновке жүктелсін.

4 4.

Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы