Об организации оплачиваемых общественных работах в 2014 году и определении целевых групп населения, проживающих на территории города Курчатов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации оплачиваемых общественных работах в 2014 году и определении целевых групп населения, проживающих на территории города Курчатов
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен Курчатов қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 25.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2014 AI76986_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VC003178
- ЭКБ идентификаторы
- 76986
- Редакция идентификаторы
- AI76986_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:21
0 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен Курчатов қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8 тармақтарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың түрлі топтарына мемлекеттік кепілдіктер көрсету және қолдау көрсету жүйесін кеңейту мақсатында, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2014 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдардың тізімі бекітілсін (1 қосымша).
2 2. Курчатов қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтары белгіленсін (2 қосымша).
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е. Старенковаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2014 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдардың тізімі
Курчатов қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 152 қаулысына 1 қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру
көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2014 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдардың тізімі
№
Жұмыс берушінің атауы
Қоғамдық жұмыстардың
түрлері
Орындалатын жұмыстардың көлемі
Қоғамдық жұмыстарға сұраныс, адам
Қоғамдық жұмыстарға ұсыныс, адам
Қаржыландыру көздері мен еңбекке ақы төлеу мөлшерлері
бюджет
Жұмыс беруші
1
2
3
4
5
6
7
8
1
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу;
аумақты тазалау, аймақты эколоғиялық сауықтыру (көгалдандыру және абаттандыру
25-30 құжат он күн сайын
50-100 шаршы метр
10
10
Жергілікті бюджет
-
2
«Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволарына қарасты мемлекеттік мекемелер:
«№ 1 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі,
«№ 3 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі,
«Мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі,
Курчатов қаласы әкімдігінің «Журавушка» бала - бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Курчатов қаласы әкімдігінің «Көкжиек» балалар-жасөспірімдердің клубы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны
Жөндеу жұмыстары (жұмысшының алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін), аумақты тазалау;
корреспонденцияларды жеткізу, мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек;
балаларға психологиялық көмек көрсету жұмыстарына қатысу;
мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуде көмек көрсету
10 тонна қалдық
860 кубтық метр қар
20-25 құжат он күн сайын
жылына 12 іс-шаралар
10
10
Жергілікті бюджет
3
«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу;
әлеуметтік көмек алушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеруде көмек;
әлеуметтік көмек алушылардың мәлімет базасын қалыптастыруға көмек;
жұмыстарын жоғалтқан азаматтарға психологиялық көмек көрсетуге қатысу
500 құжат он күн сайын
жылына 300 іс
күніне 5 адам
5
5
Жергілікті бюджет
4
«Курчатов қаласының маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Жөндеу жұмыстары (жұмысшының алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін)
25-50 шаршы метр
3
3
Жергілікті бюджет
5
«Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық жұмыстарды түгендеуде көмек;
аумақты тазалауда тұрғын-үй коммуналдық ұйымдарға көмек;
аймақты эколоғиялық сауықтыру (көгалдандыру және абаттандыру)
20-25 құжат он күн сайын
жылына 12 іс-шаралар
жылына 2 рет
20
20
Жергілікті бюджет
6
«Курчатов қаласының ауыл шаруашылық, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу;
дәнді және көкөніс өсіру бойынша қысқа маусымдық жұмыстар
15-20 құжат он күн сайын
150 шаршы метр
100 көшет маусым ішінде
8
8
Жергілікті бюджет
7
«Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
5-10 құжат он күн сайын
2
2
Жергілікті бюджет
8
Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қалалық соты
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, қадағалау өндірісін тігу, корреспонденцияларды жеткізу
15-20 құжат он күн сайын
4
4
Жергілікті бюджет
9
Курчатов қаласының прокуратурасы
(келісім бойынша)
Қадағалау өндірісін, материалдарды тігуде көмек көрсету, мұрағаттық құжаттар мен жұмыс. Қызметтік бөлмелерді тазалау жұмыстары
15-20 құжат он күн сайын
50-100 шаршы метр
3
3
Жергілікті бюджет
10
«Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті Шығыс Қазақстан облысы салық департаментінің Курчатов қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Салықтық хабарламаларды тіркеуге көмек көрсету, сақтау мерзімі бойынша жойылуға жататын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салықтық істерін дайындау бойынша мұрағат жұмысында көмек көрсету, корреспонденцияларды жеткізу;
жергілікті салық есебін жүргізу үшін үйлерді аралауға қатысу
20-25 құжат он күн сайын
айына 5 үй
3
3
Жергілікті бюджет
11
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Курчатов қалалық бөлімшесі
(келісім бойынша)
Материалдарды тігіуде көмек көрсету, мұрағаттық құжаттарымен жұмыс
20-25 құжат он күн сайын
3
3
Жергілікті бюджет
12
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Курчатов қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу;
аумақты тазалау
20-25 құжат он күн сайын
50-100 шаршы метр
3
3
Жергілікті бюджет
13
«Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Курчатов қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыста көмек, корреспонденцияны жеткізу;
консъерж жұмысы
15-20 құжат он күн сайын
жылына 2-5 адам
6
6
Жергілікті бюджет
14
ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Курчатов қалалық қылмыстық-атқару инспекциясы
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияны жеткізу;
түсіндірме хатпен, анықтама дайындауда, шақыру қағазын жазуға көмек
5-10 құжат он күн сайын
5 анықтама апта ішінде
1
1
Жергілікті бюджет
15
«Шығыс Қазақстан облысының статистика Департаменті Курчатов қаласының статистика баскармасы»
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденциялар жеткізу
5-10 құжат он күн сайын
3
3
Жергілікті бюджет
16
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақситан облысы Курчатов қаласының қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарға көмек;
газет-журналдарды тігу, корреспонденцияларды жеткізу
күніне 5 адам
5-10 құжат он күн сайын
2
2
Жергілікті бюджет
17
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бойынша Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
5-10 құжат он күн сайын
3
3
Жергілікті бюджет
18
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қорғаныс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Шақыру қағаздарын тарату,
шақырушылардың жеке істерін рәсімдеуде көмек
Күніне 5 шақыру қағазы
5-10 құжат он күн сайын
3
3
Жергілікті бюджет
19
Курчатов қаласы әкімдігінің «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қала көшелері мен жолдарын ұстау бойынша жұмыстар (жұмысшының алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін);
2 километр
20
20
Жергілікті бюджет
2,5 мың теңге
20
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов қаласының көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Аумақты абаттандыру бойынша жұмыс;
корреспонденцияларды және хабарламаларды жеткізу
жылына 10 іс-шаралар
5-10 құжат он күн сайын
8
8
Жергілікті бюджет
3,0 мың тенге
21
«Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
5-10 құжат он күн сайын
2
2
Жергілікті бюджет
22
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Аумақты тазалау
50-100 шаршы метр
5
5
Жергілікті бюджет
23
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының «Достық үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Мәдени-шаралар қызметін ұйымдастыруға қатысу
5-10 іс-шаралар жыл ішінде
2
2
Жергілікті бюджет
24
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Департаментінің «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
(келісім бойынша)
Көгаландыру және абаттандыру;
аумақты тазалау
50 көшет маусым ішінде
50-100 шаршы метр
3
3
Жергілікті бюджет
25
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атомдық энергиясы институты» филиалы
(келісім бойынша)
Аумақты көгаландыру және абаттандыру бойынша жұмыстар
100-150 шаршы метр
2
2
Жергілікті бюджет
26
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Радиациялық қауіпсіздік және экологиялық институты»
Аумақты көгаландыру және абаттандыру бойынша жұмыстар
100-150 шаршы метр
3
3
Жергілікті бюджет
Ең аз еңбек ақысы
27
«Қазақстан Республикасының сот актілерін орындау бойынша Комитеті Шығыс Қазақстан облысы Департаментінің сот актілерін орындау бойынша Курчатовтық аумақтық бөлімшесі» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу
10-15 құжат он күн сайын
3
3
Жергілікті бюджет
Барлығы:
140
140
Қоғамдық жұмыстардың нақты талаптары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күні беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, еңбекақы төлеу, зейнетақы және әлеуметтік аударымдары, қолданылмаған еңбек демалысына өтемақы жүргізу еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмыс берушімен жүргізіледі. Жұмыскерлердің жеке санаттары (әйелдер және отбасылық міндеттері бар басқа тұлғалар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған тұлғалар) үшін қоғамдық жұмыстардың талаптары тиісті санатқа еңбек талаптарының ерекшелігін ескере отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің және жұмыскердің арасында жасалған еңбек шарттарымен қарастырылады.
6 Курчатов қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын белгілеу
Курчатов қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 152 қаулысына 2 қосымша
Курчатов қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын белгілеу