Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Экибастузе на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Экибастузе на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2014 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 43/1
- Қабылданған күні
- 17.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2015 AI77359_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PC003688
- ЭКБ идентификаторы
- 77359
- Редакция идентификаторы
- AI77359_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:07
0 Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2014 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квоталары:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі жарым процент;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі жарым процент;
интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір процент мөлшерінде белгіленсін.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру арқылы квоталанатын жұмыс орындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастырылуын қамтамасыз етсін.