Құжат мәтініне өту

Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году

Қаулы · № 64 · қабылданған 17.01.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-77363/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году Қолданыста Қаулы ·№ 64 ·17.01.2014
01.01.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году

Қолданыста Қаулы ·№ 64 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году
Атауы (қаз.)
2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64
Қабылданған күні
17.01.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2015 AI77363_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14UJ002524
ЭКБ идентификаторы
77363
Редакция идентификаторы
AI77363_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:07

0 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделігіне байланысты болады.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Сайрам ауданы әкімдігінің

2014 жылғы 17 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен бекітілген
2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
Р/с
Ұйымдардың атауы
Жұмыс түрлері
Қоғамдық жұмыстардың көлемi
Қоғамдық жұмысқа қатысушылар саны
Қаржыландыру көздері
1
Ауыл округтері әкімінің аппараттары
Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтау
тұрғындарды әр аула бойынша аралау және жұмыссыздар туралы мәлімет жинау (500 аула)
11
Жергілікті бюджет
2
Ауыл округтері әкімінің аппараттары
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау Объектілерді салу және жөндеу
5000 дана
10 нысан
113
Жергілікті бюджет
3
Ауыл округтері әкімінің аппараттары
Аумақты экологиялық сауықтыру және елді мекендерді көріктендіру
6 гектар
116
Жергілікті бюджет
4
Ауыл округтері әкімінің аппараттары
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2800 іс құжат
84
Жергілікті бюджет
5
«Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
800 іс құжат
4
Жергілікті бюджет
6
«Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
1000 іс құжат
4
Жергілікті бюджет
7
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сайрам филиалы
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2000 іс құжат
8
Жергілікті бюджет
8
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Сайрам ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2000 іс құжат
10
Жергілікті бюджет
9
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2500 дана іс құжат
25
Жергілікті бюджет
10
«Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
700 іс құжат
8
Жергілікті бюджет
11
«Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
600 іс құжат
3
Жергілікті бюджет
12
«Сайрам аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
600 іс құжат
3
Жергілікті бюджет
13
«Сайрам ауданы әкімдігінің «Болашақ» Сайрам балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Балалар сауықтыру лагері аумағын көріктендіру, көгалдандыру
7 гектар
10
Жергілікті бюджет
14
«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Сайрам ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу
160 сағат
30
Жергілікті бюджет
15
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Сайрам аудандық бөлімшесі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
800 іс құжат
7
Жергілікті бюджет
16
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау Департаменті» мемлекеттік мекемесінің Сайрам ауданы аумақтық бөлімі» филиалы
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
700 іс құжат
6
Жергілікті бюджет
17
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
300 іс құжат
2
Жергілікті бюджет
18
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Сайрам аудандық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
700 іс құжат
6
Жергілікті бюджет
Барлығы:
450
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы