Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 20.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2015 AI77395_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UK002529
- ЭКБ идентификаторы
- 77395
- Редакция идентификаторы
- AI77395_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:06
0 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
2-1 2-1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
20 қаңтар 2014 жылғы
№ 6 қаулысына қосымша
2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
қ/с
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Адам саны
Қоғамдық жұмыстардың көлемі
Қаржыландыру көздері
1
Қала, поселке, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараты
көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау
566
185 гектар
аудандық бюджет
мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату
26
30000 дана
2
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Қарулы Күштері қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағаздарын жеткізу
8
26 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
3
«Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Сарыағаш ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқықты бұзуды алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп»)
150
Сарыағаш қаласы, Абай ауылы, Көктерек поселкесі және Әлімтау, Жылға, Дарбаза, Құркелес, Жарты төбе, Қабланбек, Жібек жолы, Дербісек, Жемісті, Қызылжар, Ақжар, Тегісшіл, Ақтөбе, Алпамыс батыр, Бірлесу, Бірлік, Біртілек, Бозай, Жамбыл, Жүзімдік, Қошқарата, Ошақты, Ұшқын ауылдық округтерінің аумағында
аудандық бюджет
Жалпы
750
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.