Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в 2014 году

Қаулы · № 6 · қабылданған 22.01.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-77479/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в 2014 году Қолданыста Қаулы ·№ 6 ·22.01.2014
22.01.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в 2014 году

Қолданыста Қаулы ·№ 6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в 2014 году
Атауы (қаз.)
2014 жылғы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
22.01.2014
Көрсетілген редакция
22.01.2014 77479_202665.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NR004430
ЭКБ идентификаторы
77479
Редакция идентификаторы
77479_202665
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:05

0 2014 жылғы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізбесі анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

15 15) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар;

16 16) ұзақ уақыт (бір жыл және одан астам) жұмыс істемеген азаматтар.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы