О выделении целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О выделении целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 669
- Қабылданған күні
- 10.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2014 AI77517_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1300000669
- ЭКБ идентификаторы
- 77517
- Редакция идентификаторы
- AI77517_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:07
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған республикалық бюджетке мынадай мөлшерде:
1 1) 150 (бір жүз елу) миллиард теңге:
Астана - Алматы автомобиль жолының Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай учаскелерін салуға;
Астана - Павлодар автомобиль жолын салуға;
«Жезқазған - Бейнеу» теміржол салуға;
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындыққа;
Инфрақұрылымдық жобалар қорын қалыптастыру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға;
2 2) 250 (екі жүз елу) миллиард теңге:
банк секторын сауықтыру үшін «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамын капиталдандыруға;
3 3) 50 (елу) миллиард теңге:
мына:
24 (жиырма төрт) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Ұлттық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының;
24 (жиырма төрт) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға;
1 (бір) миллиард теңге сомасына «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салуға;
4 4) 25 (жиырма бес) миллиард теңге:
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы трансферт бөлінсін.
2 2. Кейінгі жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру сыртқы қарыз қаражаттарын тарта отырып негізінен мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев