О выделении целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О выделении целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 669
- Қабылданған күні
- 10.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2014 AI77517_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1300000669
- ЭКБ идентификаторы
- 77517
- Редакция идентификаторы
- AI77517_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:07
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған республикалық бюджетке мынадай мөлшерде:
1) 150 (бір жүз елу) миллиард теңге:
Астана - Алматы автомобиль жолының Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай учаскелерін салуға;
Астана - Павлодар автомобиль жолын салуға;
«Жезқазған - Бейнеу» теміржол салуға;
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындыққа;
Инфрақұрылымдық жобалар қорын қалыптастыру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға;
2) 250 (екі жүз елу) миллиард теңге:
банк секторын сауықтыру үшін «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамын капиталдандыруға;
3) 50 (елу) миллиард теңге:
мына:
24 (жиырма төрт) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Ұлттық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының;
24 (жиырма төрт) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға;
1 (бір) миллиард теңге сомасына «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салуға;
4) 25 (жиырма бес) миллиард теңге:
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы трансферт бөлінсін.
2. Кейінгі жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру сыртқы қарыз қаражаттарын тарта отырып негізінен мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев