Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2014 год
Қолданыста
Қаулы
·№ 158
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 22.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2014 77587_184621.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NA004436
- ЭКБ идентификаторы
- 77587
- Редакция идентификаторы
- 77587_184621
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:05
0 Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2014 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2 2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп);
3 3) елу жастан асқан адамдар;
4 4) мамандығы (кәсібі) жоқ жұмыссыздар;
5 5) халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
6 6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан алған мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс тәжірибесі мен өтілі жоқ бітірушілер;
7 7) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыздар ретінде тіркелген, лайықты жұмысы жоқ адамдар.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛГЕН
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ В. Константинов