Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в 2014 году и определении целевых групп населения, проживающих на территории Тарбагатайского района

Қаулы · № 30 · қабылданған 06.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-77604/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об организации общественных работ в 2014 году и определении целевых групп населения, проживающих на территории Тарбагатайского района Күшін жойған Қаулы ·№ 30 ·06.02.2014
03.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ в 2014 году и определении целевых групп населения, проживающих на территории Тарбагатайского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 30 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в 2014 году и определении целевых групп населения, проживающих на территории Тарбагатайского района
Атауы (қаз.)
2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және Тарбағатай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30
Қабылданған күні
06.02.2014
Көрсетілген редакция
03.12.2014 AI77604_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VP003192
ЭКБ идентификаторы
77604
Редакция идентификаторы
AI77604_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:58

0 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және Тарбағатай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабы 5) тармақшасына, 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8, 18 тармақтарына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары және оларды қаржыландырудың көздерi бекiтiлсiн (1 қосымша).

2 2. Тарбағатай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын (2 қосымша).

3 3. Еңбекақының мөлшерi 2014 жылға белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерінде бекiтiлсiн.

4 4. «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (Ғ.Атықанов) заңнамалық талаптарға сәйкес ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды өткiзудi қамтамасыз етсiн.

5

5. «2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және нысаналы топқа жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Тарбағатай ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 390 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2837 болып тiркелген, аудандық «Тарбағатай» газетiнiң 2013 жылғы 11 ақпандағы № 15-16 ( 7706 ) жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және олардың қаржыландыру көздері

Аудан әкімдігінің "06" 02 2014
жылғы № 30 қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және олардың қаржыландыру көздері
Р/с
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Атқарылатын жұмыс көлемі
Сұраныс (жарияланған қажеттілік, орындар саны)
Ұсыныс (бекітідді, орындар саны)
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
1
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 20-40 құжат
60
60
жергілікті бюджет
2
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 20-40 құжат
60
60
жергілікті бюджет
3
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
4
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
5
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
6
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
7
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
8
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
9
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
10
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
11
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
12
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
13
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
14
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
15
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
16
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
12
12
жергілікті бюджет
17
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Көше тазалығы, іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу
Санитарлық-тазалық жұмыстары, күніне 15-20 құжат
15
15
жергілікті бюджет
18
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 20-50 құжат
40
40
жергілікті бюджет
19
"Тарбағатай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 10-20 құжат
3
3
жергілікті бюджет
20
"Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 10-20 құжат
2
2
жергілікті бюджет
21
"Ақжар мәдениет үйі "коммуналдық мемлекеттік казыналық кәсіпорыны
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 15-20 құжат
3
3
жергілікті бюджет
22
Тарбағатай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақсуат" мәдениет үйі коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 15-20 құжат
3
3
жергілікті бюджет
23
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 20-40 құжат
4
4
жергілікті бюджет
24
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Тарбағатай ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 10-15 құжат
2
2
жергілікті бюджет
25
Тарбағатай ауданының прокуратурасы (келісім бойынша)
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күнінде 20-25 құжат
4
4
жергілікті бюджет
26
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Тарбағатай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 25-45 құжат
4
4
жергілікті бюджет
27
"Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Тарбағатай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 20-25 құжат
3
3
жергілікті бюджет
28
"Шығыс Қазақстан облысының Статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі Тарбағатай ауданының статистика басқармасы (келісім бойынша)
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 10-15 құжат
3
3
жергілікті бюджет
29
"Тарбағатай ауданының соты" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,курьер
Күніне 10-15 құжат
3
3
жергілікті бюджет
30
Тарбағатай ауданы әкімінің шаруашылық есебіндегі "Ақсуат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,көше тазалығы, көгалдандыру
Күніне 10-20 құжат, суағарларды тазалау, жөндеу жұмыстары
6
6
жергілікті бюджет
31
Тарбағатай ауданы әкімінің шаруашылық есебіндегі "Ақжар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,көше тазалығы, көгалдандыру
Күніне 15-25 құжат,санитарлық-тазалық жұмыстары
6
6
жергілікті бюджет
32
Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің шаруашылық есебіндегі "Тұғыл" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Іс-қағаздарын жүргізуге көмектесу,көше тазалығы, көгалдандыру
Күніне 15-25 құжат,санитарлық-тазалық жұмыстары
4
4
жергілікті бюджет
33
Тарбағатай ауданының әкімдігінің "Ақсуат Тазалық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Көше тазалығы, көгалдандыру
Санитарлық-тазалық жұмыстары
12
12
жергілікті бюджет
34
Тарбағатай аудандық әкімдігінің "Ақсуат Тазалық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының "Ақжар-Тазалық" филиалы
Көше тазалығы, көгалдандыру
Санитарлық-тазалық жұмыстары
11
11
жергілікті бюджет
ЖИЫНЫ
416
416
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күнді құрайды екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат; еңбекақы төлеу, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі; жұмыс жағдайларын қорытындылай келе, жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлері қолданылады. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттық еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады. Жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен еңбекақы төлеу жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулығы, арнайы киіммен, құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету, әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа зиян келтіру немесе мертіктіру салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

9 Тарбағатай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесі

Аудан әкімдігінің « 06 » 02 2014
жылғы № 30 қаулысына 2 қосымша
Тарбағатай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесі
1. Табысы аз адамдар;
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5. Қазақстан Респуликасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7. Мүгедектер;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10. Оралмандар;
11. Жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;
14. Мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
15. 50 жастан асқан әйелдер;
16. 55 жастан асқан ер адамдар;
17. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар.

Қолданыстағы