Құжат мәтініне өту

Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году

Қаулы · № 165 · қабылданған 12.02.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-77660/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году Қолданыста Қаулы ·№ 165 ·12.02.2014
01.01.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году

Қолданыста Қаулы ·№ 165 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году
Атауы (қаз.)
2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
165
Қабылданған күні
12.02.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2015 AI77660_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14UG002538
ЭКБ идентификаторы
77660
Редакция идентификаторы
AI77660_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:54

0 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.

2-1 2-1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Мақтарал ауданы әкімдігінің

12 ақпан 2014 жылғы
№ 165 қаулысына қосымша
2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
қ/с
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Адам саны
Қоғамдық жұмыстардың көлемі
Қаржыландыру көздері
1
Қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің
Көркейту, көгаландыру, аймақтарды тазалау
525
180 гектар
Аудандық бюджет
Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату
24
30000 дана
Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмілетке толмағандардың арасында құқықты бұзұды алдын алу ("Сақшы" және "Тәртіп")
25
Қала, кенттер және ауылдық округтері аумағында
Аудандық бюджет
2
"Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекмесі
Жұмыссыздардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу, құжаттарды көбейту және тарату
6
3000 дана
Аудандық бюджет
Жалпы
580
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы