Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в 2014 году

Қаулы · № 33 · қабылданған 30.01.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-77697/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в 2014 году Қолданыста Қаулы ·№ 33 ·30.01.2014
30.01.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в 2014 году

Қолданыста Қаулы ·№ 33 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в 2014 году
Атауы (қаз.)
2014 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
33
Қабылданған күні
30.01.2014
Көрсетілген редакция
30.01.2014 77697_202758.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NK004444
ЭКБ идентификаторы
77697
Редакция идентификаторы
77697_202758
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:01

0 2014 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылы халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

15 15) ұзақ уақыт (жыл және одан да көп) жұмыс істемеген адамдар;

16 16) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген қырық бес жастан асқан адамдар;

17 17) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар;

18 18) уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімдері аяқталуына байланысты жұмыстан шығарылған жұмыссыздар.

2

2. "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғазиз Ғұмарұлы Ахметчинге жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы