Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Семей на 2014 год

Қаулы · № 163 · қабылданған 11.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-77734/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Семей на 2014 год Күшін жойған Қаулы ·№ 163 ·11.02.2014
27.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Семей на 2014 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 163 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Семей на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
163
Қабылданған күні
11.02.2014
Көрсетілген редакция
27.03.2015 AI77734_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VB003195
ЭКБ идентификаторы
77734
Редакция идентификаторы
AI77734_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:55

0 2014 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметінің тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) есірткіге тәуелді және АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған азаматтар;

14 14) 50 жастан асқан адамдар;

15 15) мектептер мен кәсіптік оқу орындарының түлектері;

16 16) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың тұлғалары;

17 17) басымды кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 жол картасының қатысушылары;

18 18) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;

19 19) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

2

2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

3

3. "Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2013 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 19 наурызда № 2911 тіркелген, "Семей таңы" газетінде 2013 жылғы 29 наурыздағы № 26, "Вести Семей" газетінде 2013 жылғы 29 наурыздағы № 26 сандарында жарияланған) 2013 жылғы 25 ақпандағы № 270 қаулының күші жойылған деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы