Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ на 2014 год

Қаулы · № 58 · қабылданған 05.02.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-77893/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации общественных работ на 2014 год Қолданыста Қаулы ·№ 58 ·05.02.2014
05.02.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ на 2014 год

Қолданыста Қаулы ·№ 58 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
58
Қабылданған күні
05.02.2014
Көрсетілген редакция
05.02.2014 77893_202940.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NI004475
ЭКБ идентификаторы
77893
Редакция идентификаторы
77893_202940
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:58

0 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.

2 2. Мыналар белгіленсін:

1 1) мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;

2 2) жалақыны есептеу мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.

3 3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Г. Аубакировке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Л. Зейнекина
Жангелдин ауданының прокуроры
______________ М. Аманжолов
Жангелдин ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің
"Коммуналдық шаруашылық
кәсіпорны" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
директоры
______________ Т. Жангелов
"Жангелдин аудандық мемлекеттік
мұрағаты" "Қостанай облысының
мемлекеттік мұрағаты"
мемлекеттік мекемесінің филиалы
басшысының міндетін атқарушы
______________ С. Капарова
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Министирлігінің "Қостанай облысы
Жангелдин ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
республикалық мекемесінің бастығы
______________ Қ. Тулебаев

8 Әкімдіктің

2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 58 қаулысымен
бекітілген
2014 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға
қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері
және оларды қаржыландыру көздері

Ұй­ым­дар­дың ата­уы
Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың түр­ле­рі
Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың кө­ле­мі, са­ғат­пен
Жұ­мыстар­дың нақ­ты жағ­дай­ла­ры
Ең­бек ақы­сы
Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
1
"Жангелдин аудандық прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдеуге көмек
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін аумақтарды тазартуға және абаттандыруға көмек
600
600
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнін, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен
Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері
Жангелдин ауданының бюджеті
2
Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін аумақтарды тазартуға және абаттандыруға көмек
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін аумақтарды көгалдандыруға көмек
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдеуге көмек
48780
54368
2400
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнін, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен
Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері
Жангелдин ауданының бюджеті
3
"Жангелдин аудандық мемлекеттік мұрағаты" "Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесінің филиалы
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдеуге көмек
504
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнін, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен
Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері
Жангелдин ауданының бюджеті
4
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Қостанай облысы Жангелдин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік республикалық мекемесі

Қолданыстағы