Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2014 год

Қаулы · № 232 · қабылданған 12.03.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-77916/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2014 год Қолданыста Қаулы ·№ 232 ·12.03.2014
12.03.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2014 год

Қолданыста Қаулы ·№ 232 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2014 год
Атауы (қаз.)
"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
232
Қабылданған күні
12.03.2014
Көрсетілген редакция
12.03.2014 AI77916_0.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000232
ЭКБ идентификаторы
77916
Редакция идентификаторы
AI77916_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:30

0 "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгіленсін.

2

2. «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында:
2-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;
4) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс».

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 232 қаулысына
қосымша
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар
Жо­ба­ның ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші
Іс­ке асы­ру ор­ны
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Кво­та (адам)
бар­лы­ғы
Оның ішін­де:
бі­рін­ші са­нат
екін­ші са­нат
үшін­ші са­нат
төр­тін­ші са­нат
Аты­рау МӨЗ-ін ре­кон­струк­ци­я­лау және жаң­ғыр­ту
Sinopec Engineering (Group) Со., Ltd» қа­зақ­стан­дық фи­ли­а­лы
Аты­рау қ., Аты­рау об­лы­сы
2010 - 2016 жж.
755
5
55
216
479
«МГҚК «Қаз­Құ­ры­лыс­Сер­вис» АҚ
134
0
22
66
46
Жиы­ны
889
5
77
282
525

Қолданыстағы