Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области, на 2014 год

Қаулы · № 52 · қабылданған 21.02.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-78406/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области, на 2014 год Қолданыста Қаулы ·№ 52 ·21.02.2014
21.02.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области, на 2014 год

Қолданыста Қаулы ·№ 52 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области, на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52
Қабылданған күні
21.02.2014
Көрсетілген редакция
21.02.2014 78406_165950.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SD002620
ЭКБ идентификаторы
78406
Редакция идентификаторы
78406_165950
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:46

0 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтары анықталсын:

1 1) аз қамтылғандар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындығы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, кызметкерлердің санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

2 2. 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысыналы топтарына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:

1 1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

2 2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;

3 3) он екі ай және одан артық уақыт жұмыс істемеген тұлғалар;

4 4) отбасында жұмыс істейтіндері жоқ тұлғалар;

5 5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз тұлғалар.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Ж. Б. Сыздықовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы