Құжат мәтініне өту

Об утверждении распределения и Правил использования средств на разработку профессиональных стандартов на 2014 год

Қаулы · № 323 · қабылданған 04.04.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-78524/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении распределения и Правил использования средств на разработку профессиональных стандартов на 2014 год Қолданыста Қаулы ·№ 323 ·04.04.2014
16.02.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении распределения и Правил использования средств на разработку профессиональных стандартов на 2014 год

Қолданыста Қаулы ·№ 323 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении распределения и Правил использования средств на разработку профессиональных стандартов на 2014 год
Атауы (қаз.)
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
323
Қабылданған күні
04.04.2014
Көрсетілген редакция
16.02.2015 AI78524_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000323
ЭКБ идентификаторы
78524
Редакция идентификаторы
AI78524_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:11

0 Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу;

2 2) Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Орталық мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы есептер берсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы ақпарат берсін.

4 4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 323 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

2

2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – білім және ғылым, индустрия және жаңа технологиялар, көлік және коммуникация, байланыс және ақпарат, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру, төтенше жағдайлар, өңірлік даму, мұнай және газ, қоршаған орта және су ресурстары, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органдар.

3 3. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2 2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі

4

4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттың құрылымына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығымен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу қағидасына сәйкес кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.

5 5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттарды әзірлеу кезінде кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуді, еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуды қамтамасыз етеді.

6 6. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға көзделген қаражатты бөлу және пайдалану бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кәсіптік стандарттарды әзірлеуге арналған қызметтерді сатып алуы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы есептер мынадай:

1 1) іс-шаралардың нақты орындалуы туралы (нәтижелерге қол жеткізу сатылары);

2 2) нәтижелерге қол жеткізбеу себептері туралы;

3 3) бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

1 Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 323 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу
Р/с

Іс-ша­ра­лар ата­уы
Жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тік ор­ган­дар
Са­ны
Со­ма­сы, мың тең­ге
1
Кә­сіп­тік стан­дарт­тар­ды әзір­леу
ИДМ
26
24 287,0
2
Кә­сіп­тік стан­дарт­тар­ды әзір­леу
ДСӘДМ
26
19 607,0
3
Кә­сіп­тік стан­дарт­тар­ды әзір­леу
ІІМ
1
475,0
4
Кә­сіп­тік стан­дарт­тар­ды әзір­леу
МСМ
4
2 900,8
5
Кә­сіп­тік стан­дарт­тар­ды әзір­леу
БҒМ
5
2 559,0
6
Кә­сіп­тік стан­дарт­тар­ды әзір­леу
ҰЭМ
24
25 200,0
7
Кә­сіп­тік стан­дарт­тар­ды әзір­леу
Әді­лет­ми­ні
2
879,2
Бар­лы­ғы:
88
75 908,0
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.

Қолданыстағы