Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Қаулы · № 109 · қабылданған 01.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-78984/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года Күшін жойған Қаулы ·№ 109 ·01.04.2014
30.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 109 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года
Атауы (қаз.)
2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
109
Қабылданған күні
01.04.2014
Көрсетілген редакция
30.12.2014 AI78984_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14CC003844
ЭКБ идентификаторы
78984
Редакция идентификаторы
AI78984_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:14

0 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 14 наурыз № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қарулы Күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

3 3. Ұсынылсын:

1 1) «Алға аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізілсін;

2 2) «Алға аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;

3 3) «Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Қала және ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

5 5. «Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Сыдыков) аудан әкіміне 2014 жылдың 30 маусымы мен 30 желтоқсанында шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Джалгаспаевқа және «Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Сыдыковқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы