Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Қаулы · № 107 · қабылданған 15.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-79439/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года Күшін жойған Қаулы ·№ 107 ·15.04.2014
26.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 107 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года
Атауы (қаз.)
2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107
Қабылданған күні
15.04.2014
Көрсетілген редакция
26.08.2015 AI79439_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14CF003872
ЭКБ идентификаторы
79439
Редакция идентификаторы
AI79439_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:04

0 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 14 наурызындағы № 768 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 31 наурызындағы № 285 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 14 наурызындағы № 768 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" (Д.Кенжебаев-келісім бойынша) мемлекеттік мекемесі он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды Қарулы Күштердi жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.

2 2. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде:

1 1) "Қарғалы аудандық орталық ауруханасы" (И.Қонақбаев-келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы шақырылушыларды сапалы медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті дәрігерлер мен орта буын медициналық мамандар бөлу;

2 2) "Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Наяшов-келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке және "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Кенжебаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Аудан әкі­мі
Р.Сы­ды­қов

Қолданыстағы