Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Қаулы · № 58 · қабылданған 07.04.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-79503/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года Қолданыста Қаулы ·№ 58 ·07.04.2014
01.01.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Қолданыста Қаулы ·№ 58 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года
Атауы (қаз.)
2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
58
Қабылданған күні
07.04.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2015 79503_160528.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14CG003876
ЭКБ идентификаторы
79503
Редакция идентификаторы
79503_160528
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:10

0 2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды 2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жасақтау үшін мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

3 3. Ұсынылсын:

1 1) «Қобда аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;

2 2) «Қобда аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;

3 3) «Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттілігі шегінде шақыруды ұйымдастырсын және қатысты іс – шараларды өткізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

5 5. «Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесі (М. Дауылбаев) аудан әкіміне 2014 жылдың 7 шілдесіне және 2015 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусіноваға және «Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Дауылбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы