Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Шымкентского НПЗ" на 2014 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Шымкентского НПЗ"

Қаулы · № 499 · қабылданған 16.05.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-79961/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Шымкентского НПЗ" на 2014 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Шымкентского НПЗ" Қолданыста Қаулы ·№ 499 ·16.05.2014
16.05.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Шымкентского НПЗ" на 2014 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Шымкентского НПЗ"

Қолданыста Қаулы ·№ 499 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Шымкентского НПЗ" на 2014 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Шымкентского НПЗ"
Атауы (қаз.)
"Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 2014 жылға квота белгілеу және "Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
499
Қабылданған күні
16.05.2014
Көрсетілген редакция
16.05.2014 AI79961_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000499
ЭКБ идентификаторы
79961
Редакция идентификаторы
AI79961_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:40

0 "Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 2014 жылға квота белгілеу және "Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 2014 жылға арналған квота белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Қытай мұнай инженерлік-құрылыс тобының еншілес ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Оңтүстік Қазақстан филиалы) бекітілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 2014 жылға арналған квота

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 499 қаулысына
қосымша
«Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 2014 жылға арналған квота
Жо­ба­ның ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші
Іс­ке асы­ру ор­ны
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Кво­та (адам)
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
бі­рін­ші са­нат
екін­ші
са­нат
үшін­ші
са­нат
төр­тін­ші са­нат
1
2
3
4
5
6
7
8
9
«Шым­кент МӨЗ ре­кон­струк­ци­я­лау және жаң­ғыр­ту»
«Қы­тай мұ­най ин­же­нер­лік-құ­ры­лыс то­бы­ның ен­ші­лес ұй­ы­мы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің Оң­тү­стік Қа­зақ­стан фи­ли­а­лы
Шым­кент қа­ла­сы, Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
2010 – 2016 жж.
890
5
33
733
119

1 «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Қытай мұнай инженерлік-құрылыс тобының еншілес ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Оңтүстік Қазақстан филиалы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 499 қаулысына
бекітілген
«Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Қытай мұнай инженерлік-құрылыс тобының еншілес ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Оңтүстік Қазақстан филиалы)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер жіктеушісі» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттың нотариалды расталған үзінді көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).

2 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынас сақталған кезде жүзеге асырылады:

1 1) «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;

2 2) «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;

3 3) «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 60 %-нан кем болмауы тиіс;

4 4) «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс.

3 3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

4 4. Шетелдік жұмыс күшін тарту «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

5 5. Еңбек нарығында ұсыныстар болған жағдайда, уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос лауазымға үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Кездесудің уақыты мен орнын уәкілетті орган айқындайды, бұл туралы жұмыс берушіге және тиісті үміткерге хабарланады.

6

6. Осы шарттарда реттелмеген шетелдік жұмыс күшін тартудың өзге де шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында регламенттеледі.

Қолданыстағы