Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Қаулы · № 117 · қабылданған 11.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-80277/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года Күшін жойған Қаулы ·№ 117 ·11.05.2014
31.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 117 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года
Атауы (қаз.)
2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
117
Қабылданған күні
11.05.2014
Көрсетілген редакция
31.12.2014 AI80277_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14CH003909
ЭКБ идентификаторы
80277
Редакция идентификаторы
AI80277_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:43

0 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қарулы күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азамттарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

3 3. Ұсынылсын:

1 1) «Мәртөк аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;

2 2) Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.

4 4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың басшылары әскерге шақырылушыларды «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.

5 5. «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Утарбаев) шақыру қорытындысы туралы 2014 жылдың 5 шілдесінде және 2015 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға және «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Утарбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы