Құжат мәтініне өту

Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Есильскому району Северо-Казахстанской области в 2014 году

Қаулы · № 168 · қабылданған 26.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-80390/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Есильскому району Северо-Казахстанской области в 2014 году Күшін жойған Қаулы ·№ 168 ·26.05.2014
03.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Есильскому району Северо-Казахстанской области в 2014 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 168 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Есильскому району Северо-Казахстанской области в 2014 году
Атауы (қаз.)
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
168
Қабылданған күні
26.05.2014
Көрсетілген редакция
03.11.2014 80390_152828.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SF002811
ЭКБ идентификаторы
80390
Редакция идентификаторы
80390_152828
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:36

0 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағына 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Қағидасының 12 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Қазыбек Есләмұлы Ақмамбаевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 05 мамырдан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 26 мамырдағы
№ 168 қаулысына қосымша
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері
Жер өңдеу аумағы
Дақыл
2014 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері
Субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері
ІІ – дала, жазықты, орманды дала
Көпжылдық өсімдіктер: Түйежоңышқа, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, арпабас, козлятник I мерзім
5 мамырға дейін
5 мамырдан 15 мамырға дейін
Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) – І мерзім (асбұршақ + сұлы)
8 мамырға дейін
8 мамырдан 10 мамырға дейін
Пияз (тұқым)
10 мамырға дейін
10 мамырдан 20 мамырға дейін
Сәбіз (тұқым)
10 мамырға дейін
10 мамырдан 20 мамырға дейін
Рапс – әдеттегі сүрі жерімен себу
12 мамырға дейін
12 мамырдан 20 мамырға дейін
Аңқа
13 мамырға дейін
13 мамырдан 18 мамырға дейін
Майлы тұқымға күнбағыс
15 мамырға дейін
15 мамырдан 20 мамырға дейін
Картоп
15 мамырға дейін
15 мамырдан 30 мамырға дейін
Сүрлемге жүгері
16 мамырға дейін
16 мамырдан 20 мамырға дейін
Қияр
16 мамырға дейін
16 мамырдан 5 мауысымға дейін
Сүрлемге күнбағыс
18 мамырға дейін
18 мамырдан 24 мамырға дейін
Жаздық жұмсақ бидай, орташа кеш сорттар
18 мамырға дейін
18 мамырдан 25 мамырға дейін
Зығыр, қыша
18 мамырға дейін
18 мамырдан 25 мамырға дейін
Жаздық қатты бидай
20 мамырға дейін
20 мамырдан 25 мамырға дейін
Арыш
20 мамырға дейін
20 мамырдан 26 мамырға дейін
Ас бұршақ
20 мамырға дейін
20 мамырдан 27 мамырға дейін
Қарақұмық
20 мамырға дейін
20 мамырдан 27 мамырға дейін
Рапс – ең төмен-нөлдік сүрі жерімен себу
20 мамырға дейін
20 мамырдан 28 мамырға дейін
Жаздық жұмсақ бидай, орташа пісіп жетілетін
20 мамырға дейін
20 мамырдан 30 мамырға дейін
Қытай бұршақ
22 мамырға дейін
22 мамырдан 28 мамырға дейін
Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) – ІІ мерзім (сұлы + арпа + ас бұршақ + бидай, судан шөбі + ас бұршақ, тары + ас бұршақ)
23 мамырға дейін
23 мамырдан 25 мамырға дейін
Жасымық
23 мамырға дейін
23 мамырдан 30 мамырға дейін
Сұлы
25 мамырға дейін
25 мамырдан 30 мамырға дейін
Тары
25 мамырға дейін
25 мамырдан 30 мамырға дейін
Арпа – орташа пісіп жетілетін сорттар
25 мамырға дейін
25 мамырдан 3 маусымға дейін
Қызылша
25 мамырға дейін
25 мамырдан 5 маусымға дейін
Қырыққабат көшеттері
25 мамырға дейін
25 мамырдан 12 маусымға дейін
Жаздық жұмсақ бидай, орташа ерте сорттар
28 мамырға дейін
28 мамырдан 5 маусымға дейін
Қызанақ көшеттері
28 мамырға дейін
28 мамырдан 12 маусымға дейін
Арпа – ерте пісіп жетілетін сорттар
30 мамырға дейін
30 мамырдан 5 маусымға дейін
Жемшөпке біржылдық өсімдіктер (сұлы + ас бұршақ, ас бұршақ + сұлы + арпа), шөп (судан шөбі, тары, могар, сұлы + сиыржоңышқа) және пішіндеме (сұлы + арпа + ас бұршақ, сұлы + ас бұршақ, тары + ас бұршақ)
5 маусымға дейін
5 маусымнан 10 маусымға дейін
Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) –ІІІ мерзім (ас бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + ас бұршақ, сұлы + ас бұршақ)
8 маусымға дейін
8 маусымнан 10 маусымға дейін
Көпжылдық өсімдіктер: Түйежоңышқа, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, арпабас, козлятник II мерзім
5 шілдеге дейін
5 шілдеден 20 шілдеге дейін
Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) (рапс, сұлы) – IV мерзім
8 шілдеге дейін
8 шілдеден 10 шілдеге дейін
Күздік қара бидай (жасыл азығына)
10 тамызға дейін
10 тамыздан 15 тамызға дейін

Қолданыстағы