Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және жұмысқа орналасуға мұқтаж интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары үлесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 225/12
- Қабылданған күні
- 23.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 AI81062_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PM003862
- ЭКБ идентификаторы
- 81062
- Редакция идентификаторы
- AI81062_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:21
0 2014 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және жұмысқа орналасуға мұқтаж интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары үлесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-6), 5-5) тармақшаларына сәйкес тіркеуде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының үлесін белгілеу:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз көлемінде жұмыс орындары;
бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз көлемінде жұмыс орындары;
интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
2
2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғалар, сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне тиісті жұмыс берушілерге жолдама беру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.