Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297
- Қабылданған күні
- 30.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2014 81198_125951.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14N0004925
- ЭКБ идентификаторы
- 81198
- Редакция идентификаторы
- 81198_125951
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:14
0 2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
________________ А. Мамытбеков
3 Әкімдіктің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 297 қаулысына қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың
тiзбесі және басым дақылдар өндіруді
субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары
мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп
өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған
субсидиялар нормалары (1 гектарға)
№
Басым ауылшаруашылығы дақылдарының атауы
Субсидиялар нормалары, теңге
1.
2.
Жаздық жұмсақ бидай
Күздік бидай
300
3.
Жаздық қатты бидай
800
4.
5.
6.
7.
8.
Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық
Күздік қара бидай
2000
9.
10.
11.
12.
Бұршақ
Нұт
Жасымық
Қытай бұршақ
6000
13.
Майлы дақылдар
11000
14.
Картоп
40000
75000 (тамшылатып суару)
15.
Көкөнiстер
50000
80000 (тамшылатып суару)
2000000 (барлық түрдегі жылыжайларда қорғалған топырақ жағдайларында, 2 дақыл айналымы)
16.
Бақша дақылдары
30000
17.
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
9000
60000 (суару)
18.
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
9000
19.
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
10000
20.
Сүрлемдік жүгері
60000 (суару)