О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 640
- Қабылданған күні
- 10.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2014 81229_129255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14L0004725
- ЭКБ идентификаторы
- 81229
- Редакция идентификаторы
- 81229_129255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:09
0 2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы N 575 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті баска да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2 2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С.Қожаниязовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2014 жылғы "11" шілде
5 Қызылорда Облысы әкімдігінің
2014 жылғы "10" шілдедегі
N 640 қаулысына қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі және басым дақылдарды өндіруді субсидилау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
р/с
Басым дақылдардың тізбесі
Бір гектарға субсидия нормасы, теңге
1
Күріш
25000
2
Дәндік жүгері
45686
3
Майлы дақылдар
44010
4
Картоп
159161
5
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсіретін картоп
219560
6
Көкөністер
120746
7
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсіретін көкөністер
181910
8
Бақша
65396
9
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары
3000000
10
Сүрлемдік жүгері
45964
11
Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
24179
12
Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
25800