Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 29.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 13.04.2015 81977_154663.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14Z0003607
- ЭКБ идентификаторы
- 81977
- Редакция идентификаторы
- 81977_154663
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:00
0 2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және субсидиялардың нормалары:
1) отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы мен аудандар әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
30.07.2014 жыл
7 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілде № 202
қаулысына 1-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
және отандық өндірушілер өткізген
тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне,
килограмына) арналған субсидиялардың нормалары
№ р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
1
Аммофос (N-10%: P2О5-46%)
тонна
50
45000
2
Аммиак селитрасы (N-34,4%)
тонна
50
28900
3
Сульфоаммофос (N-18%: P2О5-18%: S-17%)
тонна
50
34250
4
Түйіршікті күкірт қышқылды калий (калий сульфаты К2О-50%)
тонна
50
105000
5
Хлорланған калий ("Калимаг" К2О-42г2%; KCl-65% түріндегі тыңайтқыш)
тонна
50
48000
6
Супрефос-NS (N-12%; P2O5-24%)+(Ca;Mg;SO3)
тонна
50
45000
7
Қарапайлық суперфосфат (P-15%; К2О-2%)
тонна
50
24500
8
Фосфоритті ұн (P2О5-17% кем емес)
тонна
50
8210
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
N-азот;
P-фосфор;
О-оттегі;
S-күкірт;
К-калий;
Cl-хлор;
Ca-кальций;
Mg-магний.
8 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілде № 202
қаулысына 2-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және
тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік
тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған
тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына)
арналған субсидиялардың нормалары
№ р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
1
Карбамид (N-46,3%)
тонна
30
31800
2
Капролактамды аммоний сульфаты (N-21%)
тонна
30
16200
3
Нитроаммофоска (N 15: P 15: К 15)
тонна
30
30000
4
КАС (карбамидті-аммиакты қоспа N-27-33%)
тонна
30
15000
5
МАР суда ерігіш аммофос (N-12%: P2О5-52%)
тонна
30
42000
6
Аммофос (N-10%-.P2О5-46%)
тонна
30
30900
7
Селитра аммиачная (N-34,4%)
тонна
30
17850
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
N-азот;
P-фосфор;
К-калий;
О-оттегі.