О некоторых вопросах субсидирования семеноводства на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах субсидирования семеноводства на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 14.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2015 82562_271248.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14Z0003622
- ЭКБ идентификаторы
- 82562
- Редакция идентификаторы
- 82562_271248
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:48
0 2014 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидиялауға жататын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды сатудың 2014 жылға арналған шекті бағалары белгіленсін.
2 2. Қоса беріліп отырған тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның аудандар бойынша 2014 жылға арналған көлемі бекітілсін.
3 3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың 1 тоннасына берілетін субсидияның 2014 жылға арналған мөлшері айқындалсын.
4 4. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі және аудандар әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 14 тамыздағы №212
қаулысына 1-қосымша
Субсидиялауға жататын бірінші, екінші
және үшінші көбейтілген тұқымдарды
сатудың 2014 жылға арналған шекті бағалары
№ р/с
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Субсидияланатын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың
бір тоннасын сатудың
шекті бағасы, теңге
1
Күздік бидай
45 000
2
Жаздық бидай
43 000
8 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 14 тамыздағы №212
қаулысымен бекітілген
Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға
берілетін субсидияның аудандар
бойынша 2014 жылға арналған көлемі
№ р/с
Аудандардың атауы
Субсидия көлемі,
мың теңге
1
Зеленов
43 700
2
Теректі
11 900
3
Шыңғырлау
4 400
Облыс бойынша
60 000
9 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 14 тамыздағы № 212
қаулысына 2-қосымша
Ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері
бойынша сатылған бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқымдардың 1 тоннасына
берілетін субсидияның 2014 жылға
арналған мөлшері
№ р/с
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
түрлері
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сатылған
бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқымдарының 1 тоннасына
берілетін субсидияның
мөлшері, теңге
1
Күздік бидай
9 700
2
Жаздық бидай
15 000