Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения Зайсанского района на 2014 год

Қаулы · № 487 · қабылданған 06.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-83049/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения Зайсанского района на 2014 год Күшін жойған Қаулы ·№ 487 ·06.08.2014
03.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения Зайсанского района на 2014 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 487 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения Зайсанского района на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға Зайсан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
487
Қабылданған күні
06.08.2014
Көрсетілген редакция
03.12.2014 AI83049_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VK003479
ЭКБ идентификаторы
83049
Редакция идентификаторы
AI83049_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:53

0 2014 жылға Зайсан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында, Зайсан ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылға Зайсан ауданы халқының келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;

15 15) мектептерді, кәсіби оқу орындарын бітірген түлектер;

16 16) «Зайсан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

17 17) отбасында бір де бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;

18 18) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;

19 19) 50 жастан асқан әйелдер;

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (Л. Дүйсенова) мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.С. Сапарғалиеваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы