Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2014 год

Қаулы · № 202 · қабылданған 22.08.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-83346/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2014 год Қолданыста Қаулы ·№ 202 ·22.08.2014
22.08.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2014 год

Қолданыста Қаулы ·№ 202 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
202
Қабылданған күні
22.08.2014
Көрсетілген редакция
22.08.2014 83346_125653.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14M0002498
ЭКБ идентификаторы
83346
Редакция идентификаторы
83346_125653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:45

0 2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектарға) белгіленсін.

2 2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев):

осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков
22 тамыз 2014 ж.
«Маңғыстау облысының
қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Альбекова
22 тамыз 2014 ж.
«Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Ұ. Ұланова
22 тамыз 2014 ж.
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
К. Ерғалиев
22 тамыз 2014 ж.

5 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 22 тамыз
№ 202 қаулысына
қосымша
2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектарға)
№ р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
Субсидиялардың нормалары, теңге
1
Көкөніс және бақша дақылдары (дәстүрлі технология)
20 000
2
Көкөніс, бақша дақылдары (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару )
72 000
3
Қорғалған топырақта өнеркәсіптік жылыжайларда өсірілетін көкөністер(1 дақыл айналым)
3 500 000
4
Қорғалған топырақта фермерлік жылыжайларда өсірілетін көкөністер (1 дақыл айналым)
1 300 000

Қолданыстағы