О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шетского района в 2014 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шетского района в 2014 году
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылы Шет ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/219
- Қабылданған күні
- 09.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2014 83468_154800.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KQ002781
- ЭКБ идентификаторы
- 83468
- Редакция идентификаторы
- 83468_154800
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:38
0 2014 жылы Шет ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2014 жылы Шет ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және маманмен мәлімделген, өтініш берген сәтіне, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит ұсынылсын.
2
2. Шет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қарашадағы № 27/286 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-17-107 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 44 (10.304) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.